НОВОСТИ

«Мемлекеттер неге дамымай қалады» кітабы бойынша байқау

Құрметті достар,

SEYCO ACADEMY Дарон Аджемоглу, Джеймс Робинсон - «Мемлекеттер неге дамымай қалады» кітабы бойынша байқау жариялайды. Емтихан Қазақ, Түрік, Орыс тілдерінде өтеді.

Кітаптағы мәліметтер негізінде қалыптасатын тестілеу қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған алғашқы 10 қызметкер компания атынан бағалы сыйлықтарға ие болады. Оған қоса, он жүлдегер қатарына кірмеген қатысушылар арасында 5 фирмалық Seyco Academy жейделері ойнатылады. Сонымен қатар, жалпы ұпай санының 50% жоғары жинағандарға сыйлықтарымыз бар.

Бірінші орын үшін біз Түркияға саяхат дайындадық! Құны 300 000 теңге болатын сертификат 2023 жыл бойы жарамды болады. Бағытты ауыстыру мүмкіндігі бар: БАӘ, Египет, Грузия, Вьетнам, Таиланд және т.б.

Кітап сынағы 2022 жылдың 24-ші желтоқсан күні Алматы уақыты бойынша сағат 12:00-де онлайн форматта өтеді. ТЕСТ сілтемесі 24-ші қазан күні Алматы уақыты бойынша сағат 11:00-да Академияның WhatsApp тобына жіберіледі.

Кітаптың PDF форматын Академияның WhatsApp тобында сілтеме арқылы жүктеп алуға болады.

Компания атынан сізге сәттілік тілей отырып, кітаптан жұмыста және күнделікті өмірде қолдануға болатын көптеген пайдалы ақпараттар аласыз деп сенеміз.
Конкурсы